Елімізде 5 мың педагог жетіспейді

0 1

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Биыл 3, 6, 8-сынып оқушылары жаңартылған мазмұнға көшеді. Жаңа типтік оқу бағдарламалары мен жоспарлар бекітілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде 110 мектеп салынып жатыр, оның 72-сі биыл пайдалануға берілуі тиіс. 323 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Осы мақсатта қазынадан 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 99%-ы балабақшамен қамтылған. Жаңа тәрбие ошақтарын ашуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлі орасан. Айтпақшы, елімізде кәсіптік-техникалық білім алуға ниетті студенттер қатары 64%-ға артқан.

«Ал жоғары оқу орындары енді жұмыс беруші ұйымдармен бірлесе отырып оқу бағдарламасын әзірлейді. Бұл арқылы түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету көзделген, — деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.