Бүгін Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы саябақта Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың Отан алдындағы алғашқы Антын қабылдау рәсімі өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Конститутция күніне орай ұйымдастырылды.
Ант қабылдау рәсімін Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Талғат Нұрғалиұлы өзінің құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, шараға азаматтық қорғау саласының құрметті ардагерлері қатысты.