Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиында өңірдегі жылыту маусымына қажетті қатты отынмен қамтылу барысы талқыланды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.
Биыл Жамбылдықтарға қажетті қатты отынның жалпы көлемі 332,9 мың тоннаны құрайды. Бүгінде оның 33,2 пайыз қоймаларға жеткізілген. Ал бюджеттік мекемелердің көмірмен қамту көрсеткіші 72,2 мың болса оның 53,4 тоннасы дайындалған. Қыркүйек айының 1 жұлдызына дейін қажетті көмір көлемі толығымен жеткізілетін болады.
Өңір басшысы мүдделлі мемлекеттік мекемелер мен аудан әкімдеріне теміржол тұйығынан шалғай аймақтарға көмір жеткізуде бірыңғай оператор ретінде «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын тартуды ұсынды. Өз кезегінде, көмір саудасымен айналысатын кәсіпкерлер тұрғындарға қысқа қажетті қатты отынды қазірден сатып алуға кеңес береді. Өйткені, күз айларында жүк вагондарының жеткіліксіздігі мен жанар-жағар май құнының шарықтауы қатты отын бағасының көтерілуіне өз әсерін тигізеді. Сондықтан облыс тұрғындарына көмір мәселесін шешуге қазірден қамдану қажет.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Тұрғындар алмай жатса соны түсіндіру керек. Ертең қазақ-қарашада оның бағасы қандай болады. Ол бір. Екіншіден ол кезде көмір болады ма. Былтыр баға қанша болды. Тасмалдаушы мекеме аз болғандықтан бәсекелестіктің жоқтығы салдарынан баға қаншалықты өсіп отыр. Осыған әлеуметтік корпорацияны жұмылдырып, өз механизмдерімізді пайдалансақ бізде баға төмендейді.
Аудандарда қатты отынды сақтаудың өзіндік проблемалары да туындап отыр. Себебі, тұрғындардың қазір көмірді сатып алу жағы төмен. Сондықтан облыстағы 19 теміржол тұйығы қатты отынға толып тұр. Жиында облыс басшысы көмірді тұрғындарға өткізу үшін әрбір ауыл әкімдігі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Себебі, қазір жоғарғы сапалы Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы 14 мың теңгеден сатылуда. Ал, қыс мезгілінде оның бағасы 25 мыңға дейін баруы мүмкін.
Өз кезегінде, көмір саудасымен айналысатын кәсіпкерлер тұрғындарға қысқа қажетті қатты отынды қазірден бастап сатып алуға кеңес береді. Оның өзіндік себеп-салдары да баршылық. Олардың айтуына қарағанда күз айларында жүк вагондарының жеткіліксіздігі мен жанар-жағар май құнының шарықтауы қатты отын бағасының көтерілуіне өз әсерін тигізетін көрінеді. Сондықтан облыс тұрғындарына көмір мәселесін шешуге қазірден бастап қамдану қажет. Тиісті мекемелер өз жұмысын уақтылы атқаратындығы анық. Себебі, аймақ басшысы бұл істі дер кезінде әрі сапалы атқаруды табыстап отыр. Ендігі мәселе тұрғындардың өзіне келіп тіреледі. «Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, қытымыр қыс мезгіліне осы бастан әзірленген отбасының бір ісі алда тұратыны да ақиқат қой.