Сенаторлар Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды

0 0

Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенатор Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Онда сенаторлар бірқатар ауыл шаруашылығымен айналысып отырған кәсіп иелері мен салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмысымен танысып шықты.

Атап айтар болсақ, жоғарғы палата төрағасының орынбасары алдымен «Дулат» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңына бас сұқты. Мұнда 3000 мың ірі қара малын бір уақытта бабына келтіріп, етін экспорттауға барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, топ мүшелері көкөніс пен дақыл  өсіріп отырған «Яшар» қожалығының егін алқабына барды.

Сонымен қатар, Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты салынып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылысы барысымен де танысты. Заманауи жабдықталған білім ошағының жұмысы 95 пайыз аяқталып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.