Таразда тұңғыш рет «AUTO FEST TARAZ – 2018» шоуы болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған авто шоу көлік базарында өтті. 3 мыңға жуық адам қатысқан шоуға көлік маркаларының сан – түрінің мүкіндіктері көрсетілді. Қатысушылар өз темір тұлпарларымен қайталана бермейтін көріністерді барлық келушілерге паш етті. Мұндай іс-шаралар бұған дейін тек үлкен қалалар да ұйымдастырылып келген.
Максим ЮРЬЕВ, қатысушы:
— «AUTO FEST TARAZ – 2018» шоуы еліміз үшін қадірлі мерекелердің бірі конституция күніне арналып отыр. Бүгін қатысушылардың саны өте көп. Демек, осындай шоуларға тұрғындардың қызығушылықтары жоғары екенін байқауға болады. Мұндағы авто көлік иелері бірнеше дәрежедегі жарыстарға қатыса алады.
Әдеттегідей автокөліктердің жарысын көргісі келетіндер қатары көп болды. Сонымен қатар, фестивальға азаматтар ғана емес, аудан тұрғындары да келді.
Нұрсұлтан Есімбаев, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны:
— Мен машиналарды жақсы көремін. Бір кездері ескі машинаны сатып алып, қалпына келтіріп, оны мінсіз күйге жеткізіп, осындай іс-шараларға барғым келетін. Бұл фестивальді өткізу туралы мен Instagram әлеуметтік желісі арқылы білдім және келуді дұрыс деп шештім.
Өткізіліп отырған шараға «BMW Club Taraz» және «Mercedes Benz Club Тараз» әуесқой клубтарының өкілдері қатысты. Қатысушылар өздері арасында «Үздік тюнинг», «Үздік дрейф» және «Үздік акция» номинациялары бойынша жарысты.
«Үздік дрейф» номинациясын BMW E30 маркалы 075 FHA 08 нөмерінің иесі Фарух Иштаев иемденді.
— Мұндай ауқымды іс-шараға қатысып, бірінші орынды иемденгеніме өте қуаныштымын. Бұл сайысқа бар күш-жігерімді салып дайындалдым, — дейді Фарух.
Бұл фестиваль Тараздықтардың есінде ерекше автокөліктермен есте қалды. Оңтүстікте де автоспортты дамытып, осындай ауқымдағы жарыстарды жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз дейді ұйымдастырушылар.