«Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалы, Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен ІТ-сынып ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
ІТ-сынып 10 оқушы және 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтармен, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген.