Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті

0 15

Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews АА» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұлттық экономика вице-министрі қызметіндеболған Дана Жүнісова берген арызына байланысты жұмыстан босатылды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылы 27 сәуірде Дана Жүнісова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда мәселелеріне жетекшілік ететін болған.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 2003-2011 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана-Финанс» АҚ, «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары — «Құлагер ҚК» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары. 2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.