6-8 қыркүйек күндері қар аралас жаңбыр жауады

0 5

Қазақстанның солтүстік аумақтарында жоғары циклон қалыптаса бастады. Циклон алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында ауа райына ықпал ететін болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews АА» «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, алдымен солтүстік, кейін орталық және шығыс облыстардың жекелеген жерлерінде жаңбыр қайта күтіледі. Солтүстікте 8 қыркүйек күні түнде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумағында көпжылдық орташа көрсеткіштерге жақын болатыны күтіледі. Ал солтүстік және орталықта одан төмен болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.