Жамбыл облысында 3 жаңа ауданаралық маршрут ашу жоспарланып отыр

0 5

Жамбыл облысында Мойынқұм-Шу, Шу-Қордай, Меркі-Шу бағытында 3 жаңа ауданаралық маршрут ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, елді мекендер қоғамдық көлік қатынасымен қамтылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.  Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев баяндады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әділет Бегалыұлының айтуынша, облыста  жеке меншік нысандағы 29 тасымалдаушы мекеме, 202 бағыт бойынша 1324 автобус қызмет көрсетуде. Автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 8 жылды құрайды. 1324 дана автобустың 160 – бензин отынын, 998 – дизель және 166 дана автобус табиғи газ отынын пайдаланады.

– Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында облыс көліктерімен 547,2 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2017 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 2,0% көбейді. Жолаушы айналымы 4 671,9 млн. жолаушы-шақырымды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,1% артты. Сондай-ақ, 53,7 млн. тонна жүк тасымалданды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оның көлемі 8,7 %-ға көбейді. Жүк айналымы 1 585,1 млн. тонна-шақырымды құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0%-ға көбейді, – деген басқарма басшысы елді мекендердің қоғамдық көлікпен қамтылуына да тоқталып өтті.

Сонымен қатар, автобус қатынамайтын қосымша 11 елді мекен әлеуметтік маңызы бар темір жол қатынасымен қамтылып отыр. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, тұрғындар саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус маршруттарымен 96% қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі таңда 355 елді мекеннің 279 немесе 78,6% қоғамдық көлік қатынасымен қамтылған.

Бүгінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,5 пайызды құраса, жаңа жылға дейін көрсеткішті 80,1 пайызға жеткізу көзделуде. Жеке меншік 29 тасымалдаушы мекеме тіркелсе, 202 бағыт бойынша 1324 дана автобус қызмет көрсетуде. Өткен жылмен салыстырғанда қоғамдық көлік жолаушылары 2 пайызға көбейген. Жүк айналымы да артып отыр.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары (5093 шқ) мен елді мекен көшелерінің (4599 шқ) желісі бүгінде 9 692 шақырымды құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.