Тараз қаласында 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы «ZhambуlNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 06:37-де Тараз қаласы «Самал» (7) мөлтек ауданында №20 үй, 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт оқиғасы орын алды. Өрт сағат 06:50-де оқшауланып, сағат 06:55-те ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (14 қызметкер, 3 бірлік тех.) және «ЖҚЖ» ММ (3 қызметкер, 1 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілді.
Оқиға орнында 1952 жылы туылған азаматшаның мәйіті табылды.
Өрттің шығу себебі — темекі шегу кезіндегі абайсыздық деп болжап отыр өрт сөндіру қызметкерлері.