Жамбыл облысының халқы жоғарғы қауіпті аймақта тұрады. Осы мақсатта Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлерімен ағымдағы жылы 1-29 тамыз аралығында жер сілкінісі кезінде дұрыс іс-әрекеттерге медициналық мекемелердің қызметкерлерін дайындау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтар болсақ, №7 емхана қызметкерлерінің дайындық деңгейін тексеру мақсатында ТЖ департаментінің қызметкерлерімен сейсмо-жаттығу өткізілді.
Сейсмо-жаттығуды өткізудің мақсаты адам көп келетін объект ретінде медициналық мекемелердің жер сілкінісі кезінде, экстремалдық жағдай туындаған кезде қызметкерлерге қажетті дағдыларды ұластыру, азаматтық қорғаудың іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру. Тақырыпқа сәйкес, дайындық барысында объектінің аумағында қызметкерлерді эвакуациялау және авариялық құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау бойынша тәжірибе өткізілді.
Азаматтық қорғау іс-шараларын дұрыс және өз уақытысында жоспарлауға көп нәрсе тәуелді екенін ескере отырып, Департаменті қызметкерлері тарапынан азаматтық қорғанысты жүргізу және ұйымдастыру бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеу жөнінде мекеменің мамандарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.