Таразда бөлім басшысының орынбасары парамен ұсталды

0 0

Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облыстық департаменті Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қадірбек Деметбаев  парамен ұсталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпарат Aгенттігі хабарлайды.

Ол қаладағы жеке кәсіпкерлердің бірінен аталған бөлімнің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері арқылы 80 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Нақтылай айтқанда, бөлім басшысы Тараз қаласындағы кафелердің бірінің алдындағы ағаштарды кесуге рұқсат алу мәселесін шешпекші болған.

Дереккөз: «TURANINFO.KZ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.