Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 253985,8 млн. теңгенің өнімін өндірді

0 9

Ағымдағы жылы қаңтар-тамыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы және үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 253985,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Ал өнеркәсіптік өндірістің индексі 107,2%-ды құрады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Өндіріс көлемі облыстың тоғыз ауданында және Тараз қаласында өсті. Тараз қаласында 154068,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндірістің индексі 106,5%.

Сондай-ақ, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 13,3%-ға өсуі байқалды. Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өндіру көлемі өсіп, өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 106,7%-ды құрап отыр. Металлургия және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жоғарылады.

Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 94,4%-ды құрады. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,2%-ға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.