Ата заң тұрақтылығы – Қазақстан тұрақтылығы

0 14

Тамыз айының 29-шы жұлдызында жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында «Ата заң тұрақтылығы – Қазақстан тұрақтылығы» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған іс-шараға Орталық басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Жантаева Салтанат Сайлауқызы қызметкерлерді аталмыш мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Мерекелік кешіміз салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранмен басталып, жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты — Конституция- бұл ел рәміздерінің бірі, сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасын қадірлеу, құрметтеу- біздің парызымыз екендігін түсіндіру. Әрбір азаматтың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.Ата заңымызды құрметтеуге , бағалай білуге насихаттау.

Аталған концерттік бағдарламада интернат үйінің қызметкерлерінен құралған көркем өнерпаздар мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Мерекелік іс-шарада облысымызға танымал Жаңабаеватар әулеті қонақта болып «Туған жер », « Ассалаумағалейкум», « Жаса Қазақстан», «Қазақ қызы », «Қазақстан», әндерімен қоса «Шашу» би тобының қыздары «Шашу», «Үнді» билерін көпшілікке тарту етті. Интернат үйінің қызметкерлері мен қызмет алушылары ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл- күймен тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.