Жамбыл облысы темір жолында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

0 4

Жамбыл облысы Төтенше жағдалар департаментінің ұйымдастыруымен «Вагондардың жолдан шығуына байланысты темір жол көлігіндегі техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өзара әрекеттесуін ұйымдастыру» тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оқу-жаттығу төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін  ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бұл шараға облыстың жергілікті атқарушы органдары, «ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы — «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» және «ҚТЖ Жүк тасымалы»- «Жамбыл бөлімшесі Жүк Тасымалдау» филиалы. Жалпы 69 адам, 15 дана техника қатысты.

Алғашқы кезеңде учаскедегі орын алған жағдай туралы жүк тасымалдау Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі және тиісті ұйымдардың қызметкерлерін құлақтандыру схемасын машықтандырылды. Бөлімшенің кезекшісі аталған учаскегедегі төтенше жағдайдың салдарын жою үшін өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарын, сонымен қатар әскери күзет қызметкерлері оқиға орнына жөнелтілді. Басшылар мен белгілі ұйымдардың қызметкерлері темір жол магистралінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына шықты.

Аварияны жою басшысының алдыға қойған міндеттеріне сәйкес зақымдалған электр желісін өшіру, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат алу құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Бекітілген жылдамдықта поездардың қозғалуын қалпына келтіру үшін жолдардың біреуін тазалау жұмыстары басталды. теміржол магистралін қалпына келтіру үшін қажетті техника мен жұмысшылар жұмылдырылды. Жолдан шыққан вагондардағы жолаушыларға барлық көмек көрсетіліп, аварияны жою басшысы жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың барысы мен олардың нәтижесі туралы ақпараттандырылып отырды. Сонымен қатар, кезекші қызметтер 101,112, 102, 103, 104 телефондары арқылы хабарлама береді және оқиға орнына ТЖД жедел тобын жөнелтеді.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар орынында ТЖ жою жедел штабы құрылып, зардап шеккендерді зақымдалған жолаушылар вагонында іздеу жұмыстары жүргізілді. Сомен бірге ТЖ орнында өрт сөндіру қызметі мен өрт поезы көбік шашуға дайындалды. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін көбік шашу жүргізілді. Осыдан кейін жолаушылар вагонын калпына келтіру жұмыстары жүргізді.

Арнайы-тактикалық оқу жаттығу қорытындысы бойынша барлық жедел топтардың басшылары тыңдалып, олар қабылдаған шешімдерге баға берілді, байланыс жүйесі, құлақтандыру мен ТЖ жоюды басқару жүйелері бағаланып, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қызметін одан әрі арттырудың тиісті бағыттары айқындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.