Жамбыл ауданында бақша дақылдарын жинау басталды

0 11

Қаламен іргелес жатқан Жамбыл ауданында күз басталғалы бақша дақылдарын жинау қарқынды жүріп жатыр. Солардың бірі «Ақкөл» шаруа қожалығы. Қазір мұнда гектарына 100 тоннадан өнім жиналуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Ақкөл» шаруа қожалығы егін егумен қатар бақша дақылдарын өсіруменде айналысады. Суармалы жерге ақ егіс пен картоп, пияз, сәбіз егілген. Көктемде 24 кектар алқапқа пияз тұқымы себілген болатын. Қазір әр гектардан 100 тонна өнім жиналуда. Техникалар жеткілікті, 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған.

— Биыл өнім жаман емес. Өткеру жағы да қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Өйткені пияз бағасы жылдағыға қарағанда жоғары болып тұр. Жұмысшылардың барлығы ауыл тұрғындары. Тиісті жалақыларын еңбектеріне қарай төлеп жатырмыз, — деді шаруа қожалығының басшысы Алтынбек Керімқұлов.

Күзгі жиын-терім жұмыстары аудан әкімінің де қатаң бақылауында. Ең бастысы суыққа қалмай бақша дақылдарын жинап алсақ дейді. Мұнан бөлек ауданда майлы дақылдар да жиналып жатыр. Солардың бірі «Оспанов» және «Жаңабеков» шаруа қожалықтары. Қос қожалық 450 гектар жерге күнбағыс еккен. Науқан соңына дейін 90 тонна өнім аламыз дейді. Ал, «Тимофеев» шаруа қожалығы 20 гектар аумақтан 40 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Жиын-терін жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.