Облыста мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері марапатталды

0 3

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерін қабылдап, алғыс хаттармен марапаттады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қабылдау мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның қолданыс аясын кеңейтуге қосқан еңбектерініне алғыс айта отырып, тіл саясатын насихаттау бағытындағы этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мазмұнды, әсерлі жиын барысында қатысушылар қазақ тілін меңгерудегі жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, барша қазақстандықтарды мемлекеттік тілін меңгеруге шақырды.

Шараға қатысушылардың барлығына басқарма басшысының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.