Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры тағайындалды

0 9

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының бұйрығымен Мөрбеков Бауыржан Жолдасбекұлы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұған дейін бұл қызметте Талғат Шайхиев болды.

Бауыржан Жолдасбекұлы 1986 жылы Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Студенттік кезінен белсенділігімен көзге түсіп, Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған. Облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, «Жайдарлы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы лауазымында болған.

Дереккөз: turaninfo.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.