Арнаулы орталықта психолог мамандар дәріс өткізді

0 4

Таразда 25-қыркүйекте «№51 Бәйтерек бастауыш партия» ұйымының ұйымдастыруымен мекемелер арасында басқарманың бекітілген жоспары бойынша «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» психологиялық бағытта «Жақсы сөз – жан азығы» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Семинардың өткізілу мақсаты: Қатысушылардың позитивтік көңіл – күйін көтеру, жағымды психологиялық климат тудыру, бір –бірінің ерекшеліктерін біліп, өзара түсінушіліктерін арттыру. Семинарды бастау сөз кезегі Орталық басшысы Бердалиев Мұрат Әзімханұлына берілді.

Орталықта 3 психолог маманы қызмет алушылар мен қызметкерлердің жай-күйіне аса мән беріп, барынша психологиялық қолдау көрсетіп, тренингтер өткізіп отырады. Семинардың бекітілген жоспары негізінде психолог маманы Ф.Стыбаева әлеуметтік психология бойынша орталықта жүргізілген жұмыстарға, психолог маманының атқаратын қызметтеріне және психология бағытының жетістіктеріне тоқталу мақсатында «Әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қоса, баяндама жалғасын психолог Қ.Қонақбаева семинарға қатысушылардың көңіл – күйлерін көтеру мақсатында өз ішкі сезімдерін табиғат құбылыстарын байланыстыра отырып жеткізе білуге және топпен жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрметпен қарауға ынталандыруға арналған «Жіп бойындағы сурет» атты тренингін өткізді. Тренингке басқа да мекемелерден келген әріптестер мен Орталық қызметкерлері қызығушылықпен қатысты.

Бекітілген жоспар негізінде М.Р.Райымбеков «Жылы сөз жан тебірентеді» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Қатысушылардың бір-біріне деген жылулық сезімдерін ояту, өзара жағымды көңіл-күй орнату болып табылады. Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне жүрекшені кезекпен беру арқылы алақан жылуымен жылы сөздерін жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді. Мекеме директорлары мен қызметкерлер арасында қызу пікір алмасу болып, қызметкерлер тарапынан ұсыныстар ұсынылып, семинардың қорытындысы қойылды.

Сөз сөйлеген Орталық директорлары Р.Сейдалиева, Э.Мінізқұлова және психолог мамандары М.Әлзи, Қ.Балқыбекова семинарға оң баға беріп, жақсы деңгейде өткендігін айтып өтті.

Семинардың соңы қызметкерлер мен қызмет алушылардан құралған көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.