Меркі ауданында ағымдағы жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде 3 елді мекенде медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Олар: Ойтал (Мыхан) дәрігерлік амбулаториясы, Екпінді фельдшерлік-акушерлік пункті, Тұрлыбай батыр медициналық пункті. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Меркі ауданы әкімі Мейірхан Өмірбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінгі таңда аудан аумағында жалпы 43 емдеу алдын алу мекемелері жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Олар 1 — аурухана, 2-емхана, 13-дәрігерлік амбулатория, 8 — фельдшерлік-акушерлік және 19 медициналық пункт бар.
Сондай-ақ, орталық ауруханаға 990 млн. 357 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: дәрі дәрмекке – 146 млн. 636 мың теңге, тамаққа – 15 млн. 443 мың теңге.
2018 жылдың қаңтар-тамыз айында 1081 нәресте дүниеге келді. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімі – 5.
Айта кетейік, Меркі ауданында 202 спорт нысандары бар. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 12 атқыштар тирі, 38 футбол алаңдары, 101 спорттық алаңдар, 34 спорт залдары, 12 арнайы орнатылған спорттық залдар, 4 бильярд залдары.
Жыл басынан бері халықаралық және елімізде өткізілген жарыстарда аудан спортшылары барлығы 651 медальға ие болды (197 алтын, 158 күміс, 296 қола). Ағымдағы жылдың 8 айында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны – 24560 болып, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамтылу деңгейі 29,0 % болып қалыптасты.
Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соның бірі, 2018 жылы Ақермен, Тәтті ауылдық округтерінде кіші футбол алаңшаларының құрылыстары аяқталуда. Аудан спортшылары елімізде және халықаралық деңгейде өткен облыстық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде.