Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді

0 10

Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді. Канада мен Мексика Төтенше және Өкілетті Елшілері Ақылбек Камалдинов пен Андриан Елемесов жаңа қызметтерді иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалы.

«Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.