Жамбылдықтар Жолдауды тікелей эфирден тыңдауда

0 0

Жамбылдықтар Елбасының кезекті Жолдауын Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде тікелей эфирден тыңдауда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға арналған Жолдауды тыңдауға әкімдік өкілдері, зиялы қауым, жастар мен қоғам белсенділері жиналған.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.