Шу ауданында «Адал жол» марафоны өтті

0 0

Бүгін Шу аудандық мәдениет үйінде «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон эстафетасы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастау алған «Адал жол» марафоны осымен облысымыздың бес ауданында болып, Шу ауданынан Мойынқұм ауданына берілді.

Марафон аясында шулықтар 36-дан астам іс-шара өткізіп, марафонды тапсыру рәсіміне арналған «Адал жол» форумын ұйымдастырды.

Форумға Департамент басшысы М.Нәлібаев, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Б.Есеев бастаған Мойынқұм ауданының делегациясы, Шу ауданының мемлекеттік қызметшілері мен аудан жастары қатысты.

Іс-шарада департамент басшысы Мақсұт Ыбрайханұлы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау әрбір азаматтың парызы екендігін жеткізіп, осы індетпен күресуге аудан тұрғындарын шақырды.

Сонымен қатар, форум барысында жемқорлықтың қоғамның әрбір тұрғынына тигізетін қасіреті туралы көрермендерге ой салатын театрландырылған қойылым көрсетілді.

Форум сонында «Адал жол» марафон эстафетасының кітабы Мойынқұм ауданына табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.