Жамбыл облысында таулы аймақтағы өрт толығымен сөндірілді

0 3

Үш күнге созылған Жамбыл облысындағы таулы аймақтағы өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарманың хабарлауынша, өрт орнына қосымша 51 қызметкер және 6 бірлік техника жіберілді. Күні бойына ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен жану орнына 21 тонна су себілді.

«8 тамыз күні кешкі 18.00 шамасында өрт тұтанған аймақты айнала ұшып шығып, өрт ошақтарының барлығы сөндірілгеніне көз жеткіздік. Өртті сөндіруге 56 адам және бес техника жұмылдырылды», — дейді ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, 5 тамыз күні Жамбыл облысының Ақыртас ауылдық округінде, Қырғызстанның Талас облысымен шекаралық аймақта құрғақ шөп өртенгені туралы хабарланған болатын. Жалын 200 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен үш техникасы жіберілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.