2019 жылы Жамбыл облысындағы білім нысандарын 100 пайыз интернетпен қамту көзделуде

0 8

2019 жылы Жамбыл облысындағы білім нысандарын 100 пайыз интернетпен қамту көзделуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиында өңірдегі білім, денсаулық, мәдениет, қызмет көрсету және өзге де салаларын цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды.

Осыған дейін бағларлама аясында 182534 адам оқыту курсынан өткен. Бұл биылға арналған жоспардың толық көрсеткіші. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы да арттыру жолдарын қарастыру керектігін баса айтты.

Қазіргі таңда өңірдегі білім нысандарын интернетпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтар болсақ, бұл бағыттағы көрсеткіш биыл 93 пайызға орындалса, келер жылы 100 пайызға жеткізу көзделуде. Десек те, Талас, Шу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көңшітпейді.

Сондай-ақ, биыл Тараз қаласындағы 111 балабақшада электронды кезекке қою жүйесі толығымен автоматтандырылмақ.

Өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова бірқатар мәліметтермен бөлісті.

— Кең арналы интернет желісіне қосылған мектептер саны — 447 (100%). «Күнделік» жобасына 433 мектеп қосылған. «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 447 (100%) мектеп қосылған. 429 мектеп онлайн, 18 мектеп офлайн тәсілінде платформаны пайдаланады. Сымсыз ішкі Wi-Fi желісімен 199 мектеп жарақтандырылған.346 мектеп 983 интерактивті құрылғылармен (компьютер, проектор, экран) жабдықталған. 370 мектеп 1866 интерактивті тақтамен жабдықталған. STEM білім беруді енгізу үшін 83 робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Облыс бойынша 11 ІТ сыныптары ашылды, -деді Р.Тұрмағанбетова.

Басқосу барысында ауылдық клубтардағы ақпараттық орталықтардың ашылуы, мекемелердің компьютерлермен қамтылуы секілді жұмыстар да сараланды.

Асқар Исабекұлы көрсеткіштерді көтеру үшін екі-үш жылдық жоспарға байланбай, тиісті шараларды уақыт оздырмай іске асыру керектігін ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.