Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады — Синоптиктер

0 11

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз ауа температурасы 3-10 градусқа дейін төмендейді.

Астанада да 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді. 11 қазанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.