Тараз қаласында 1 нысан заңсыз салынғаны үшін бұзылды

0 0

Тараз қаласында 1 нысан заңсыз салынғаны үшін бұзылды. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Қанат Айтқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қанат Оңғарұлының  айтуынша басқармамен жыл басынан барлығы 2546 хат қаралса, жеке және заңды тұлғалардан 146 арыз-шағым түсіп, оның барлығы қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес қаралып, әрқайсысына дәлелді жауаптар берілген.

Осы уакыт ішінде облыс аумағындағы құрылысы салынып жатқан объектілерге барлығы 123 тексеру жұмыстары жүргізілсе, оның 79-ы жоспардан тыс, 44-і бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысаны бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар, Тараз қаласында 1 нысан заңсыз салынғаны үшін, сот шешімінің негізінде бұздырылды.

Сондай-ақ, бұздыру үшін жыл басынан 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Оның ішінде, 2-уін бұздыру туралы шешім шықса, 4 материал бойынша судьялар тек айыппұлмен шектелген. Қазіргі уақытта 2 іс, сотта қаралуда.

Бұған қоса, Тараз қаласы Асқаров көшесіндегі жапсарлас заңсыз құрылысты бұздыру үшін азаматтық тәртіпте талап арыз жолданды. Қазіргі уақытта Тараз қалалық сотымен қаралуда.

Сонымен қатар, құрылыс нысандарын бұзушылықпен салып, кінәсін мойындап, соттың шешімінсіз өз еркімен бұздырып жатқан азаматтар да бар. Тараз қаласы, Айтиев көшесіндегі құрылыс реттеу сызықтарын сақтамай салып, құрылыс нормаларын бұзғаны үшін нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтармен салынған ғимараттың бір бөлігін өз еркімен бұзды.

Басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялау және инжинирингтік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2018 жылдың 9 айы ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыс жасауға мемлекеттік лицензия алу үшін 178 өтініш қабылданды. Оның 7-уі қаралып, 57-сіне лицензия берілген, қайта рәсімделгені 52, беруден бас тартылғаны 42, қосымша жұмыс түрлеріне 10 берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.