Жамбыл облысында сауда көлемі 336 099 млн. теңгені құрады

0 19

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сауда орындарының, жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың сауда айналымы 336 099,4 млн. теңгені құрады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысының статистика департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында бөлшек сауда көлемі (жеке кәсіпкерлердің айналымын қоса есептегенде) тауарлар айналымы 194984,2 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен cалыстырғанда салыстырмалы бағамен 5,3%-ға көбейді.

Осы кезеңдегі сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі 83597,4 млн. теңге немесе былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 104,8% құрайды.

Жалпы өңірдегі бөлшек тауар айналымында шағын кәсіпорындардың үлес салмағы 40,8% (34087,7 млн. теңге), орта кәсіпорындардікі – 31,6% (26411,2 млн. теңге), ірі кәсіпорындардікі – 27,6% (23098,5 млн. теңге) көлемінде болды.

Ағымдағы жыл басынан бастап жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың саудасының көлемі 111386,8 млн. теңгені (57,1% жалпы бөлшек тауар айналымында) құрады, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегімен салыстырғанда 5,7%-ға көбейді.

Сондай-ақ, бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар (61,3% жалпы бөлшек тауар айналымында) басым. Азық-түлік емес тауарлардың өткізілу көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға көбейді, азық-түлік тауарлары 2,1%-ға көбейді.

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде жоғарғы үлес салмақ Тараз қаласына (78,1%), Қордай ауданына (7,5%), Шу ауданына (4,1%), Байзақ ауданына (2,4%) келеді. Көтерме сауданың көлемі 141115,2 млн. теңгені немесе 42% жалпы сауда көлемінде құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көбейген.

Ал еліміздегі бөлшек сауда көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 4404,1 млрд теңгені құрады. Республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (30,3%), Астана қаласына (12,1%), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына (9%) тиесілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.