Жамбыл облысында қала күніне орай 20 нысан пайдалануға беріледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ қайта жөндеуден өтті. Қаланың қақ ортасындағы демалыс орны Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйламақ. Желтоқсан ұлт азаттық көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ қала күні қарсаңында пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, саябақтағы «Желтоқсан-86» мұражайы ашылады. Балалар ойын алаңшасы, «Тәуелсіздік ұшқыны» алауы, шахмат алаңшасы, спорттық алаңша, «Ғибрат» орталығы орналасқан барлығы 7 нысан пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, «Шаушен» шаруашылық қожалығының «Қымызханасы» ашылмақ және желтоқсан скверінде «Желтоқсан толқыны» субұрқағының салтанатты ашылуы өтеді.
«Ерлік» мемориалдық кешенінде тыл еңбеккерлеріне арналған «Тыл еңбеккерлеріне тағзым» ескерткіші, «Чернобыль» атом электростанциясының зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіш, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш, «Үшбұлақ» каналы, канал үстімен өтетін екі көпір (вантовый) барлығы 6 нысан.
Темір жол скверінің ашылуы. Абай даңғылының бойында орналасқан облыстық әкімдік алдында Жамбыл Жабаевтың жаңартылған ескерткіші.
Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің алдындағы «Жастар» саябағы қайта жөндеуден өтіп, студенттердің бас қосатын орнына айналмақ. Өйткені саябақта білім стелласы және Жүсіп Баласағұнның жас кезінен бастап қартайғанға дейінгі кезеңді қамтитын ескерткіші салынады. Білімнен бөлек жастардың демалыс орнында махаббаттың символына айналған Қарахан мен Айша бибі стелласы бой көтереді. Сондай-ақ, саябақтың су бұрқақтары жаңартылып, ұлттық ою үлгісінде гүлдер егілетін болады.