Мойынқұм ауданына жаңа әкім тағайындалды

0 12

Мойынқұм ауданына жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы Мойынқұм ауданы әкімі болып тағайындалды.

Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, 1989 жылы Алматы зоотехникалық Малдәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Жаңа тұрмыс совхозының мал дәрігері болып бастаған. 1990-1991 жылдары Путь Ленина колхозының бас мал дәрігері, 1991 жылы Қордай аудандық мал дәрігерлік стансасының бас мал дәрігері, 1991-1992 жылдары «Ақ бұлақ» АҚ-ның аға мал дәрігері, 1992-2003 жылдары «Сарыбұлақ» совхозының бас зоотехнигі, мал шарушалығы цехының бастығы, 2003-2004 жылдары «Бірлік үстем» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2004-2008 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі, 2010 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2010-2015 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі, 2017 жылдың шілде айынан 15.10.2018 ж. дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.