Жамбыл облысында «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018» байқауы өтеді

0 22

2018 жылдың 22-26 қазан аралығында облыс аудандарында Жамбыл облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2018» байқауы өтпек, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқау аудандағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің келбетін жасау, клуб мекемелерінің дамуы мен сақталуына жергілікті басқару органдарының назарын аудару, клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайуына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін анықтау, жаңа идеялар мен инновацияны анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау кестесі:

22 қазан – Жуалы ауданы
(Қарабастау ауылдық мәдениет үйі,
Жаңаталап ауылдық клубы)

23 қазан – Жамбыл ауданы
(Айша бибі ауылды мәдениет үйі,
Өрнек ауылдық клубы)

24 қазан – Талас ауданы
(Ақкөл ауылдық мәдениет үйі)

24 қазан – Сарысу ауданы
(Түркістан ауылдық клубы)

25 қазан – Мойынқұм ауданы
(Құмөзек ауылды клубы)

25 қазан – Қордай ауданы
(Әлжан ана ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Меркі ауданы
(Аққайнар ауылдық клубы)

26 қазан – Т.Рысқұлов ауданы
(Құмарық ауылдық мәдениет үйі)

26 қазан – Байзақ ауданы
(Суханбай ауылдық клубы)

Leave A Reply

Your email address will not be published.