Жамбылда 300-ге жуық полицей қысқартылады

0 11

Жамбыл облысында Ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында департаменттің 300-ге жуық қызметкері (214 бірлік жергілікті бюджеттен, 84 бірлік республикалық бюджеттен қаржыландырылатын) қысқартылып, үнемдеген қаржы жалақыны арттыруға бағытталатын болады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бұл мақсатта полиция қызметкерлерін сервистік модельге көшіру бойынша Ішкі істер департаменті нақты жол картасын әзірлемек. Сондай-ақ, полиция қызметінде ең лайықты адамдарды іріктеу үшін қайта аттестациялау жүргізілетін болады.

Айта кетейік, құқық қорғау органдарының жұмысы терең және сапалы өзгерістерді қажет ететіні Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген болатын.

Дереккөз: arainews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.