Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында белгіленген тапсырмаларға сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 16,8 млрд теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп психологтарының жұмысын күшейту шеңберінде 16,8 млрд теңге немесе жыл сайын 5,6 млрд теңге (үш жыл бойы) бөлінетін болады. Аталған қаражат педагогикалық шеберлікті арттыруға үшін қосымша төлем енгізуге, лауазымдық еңбекақы мен орта білім беру жүйесінде психологтардың біліктілігін арттыруға бағытталады», — деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, білім беру объектілерінің құрылысына — оқушы орындарына үлкен тапшылыққа тап болып отырған өңірлерге, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге байланысты проблемаларды шешу үшін бюджеттен үш жыл ішінде 50 млрд теңге бөлінбек.
Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қазанында Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда Елбасы мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырған еді.