Бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану қажет. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтың қатысуымен өткен жиында айтылып, ол бойынша атқарылатын жоспарлы жұмыстар жан-жақты талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Басқосу барысында бірқатар инвестициялық жобалар қаралып, оларды жүзеге асыруда кездесіп отырған кедергілер мен түйінді түйіткілдер төңірегінде түрлі ой-пікірлер ортаға салынды.
Сондай-ақ, жиында бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану және агроиндустриалды аймақ құруға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің жоспар-жобалары сараланды.
Асқар Исабекұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты сылбырлыққа салмай уақытылы әрі мұқият атқару керектігін ескертті.