ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қайназаров Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі міндеттерді түсіндіру бойынша Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы хабарлайды.
Кездесу барысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттер, яғни халық табысының деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтаудағы сапаның жаңа деңгейі, инфрақұрылымды және индустрияландыруды одан әрі дамыту тәсілдері, бизнес ахуалды жақсарту, АӨК дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Парламент Депутаты қызметкерлердің дені орта жастағы азаматтар болғандықтан болар, қолжетімді баспана «7-20-25» бағдарламасына ден қойды. Бағдарламаның іске асу жолы, тиімділігі туралы айтты. Президент «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін айтты.
Кездесу соңында Палата мамандары сауалдарын қойып, басқосу сұрақ-жауапқа алмасты.