Байзақ ауданында Елбасы жолдауы талқыланды

0 6

Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері мен қаржы саласы өкілдері Жолдаудан туындайтын міндеттер тұрғысында ой бөлісті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов пен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиев қатысты.

Басқосуда Байзақ ауданы әкімі Рахматілдә Рахманбердиев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанына назар аударды. Ел Президентінің Жолдауындағы әрбір тармақты, ондағы міндеттерді ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен байланыстыра баяндап берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов Жолдауда айтылғандай, ел экономикасын алға сүйрейтін, атап айтқанда, индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салаларға нақты тоқталып, өз ойымен бөлісті.

— Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз, — деді Айбатыр Нышанбайұлы.

Жиында жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалып, соңы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тапты.

Айта кету керек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған биылғы жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Онда: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек», – деді президент. Мұның өзі Елбасының ел өрендеріне үлкен сенім артып, олардан зор үміт күтетіндігінің айғағы.

Осы ретте Жамбыл облысында 26 мың жас болса, олардың дені жолдауда айтылған жаңашылдықтарға қолдау білдіруде.  Бұл жастарымызды әр салада көруге деген мол мүмкіндік. Сондықтан да, 2019 жыл жастардың жаңа дүниелерге қол жеткізуіне сара жол ашылатыны анық. Бұл тұрғыда Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы  жалынды жастардың өз кәсібін ашуына жағдай жасамақшы. Ендігі жерде тәжірибесі бар бизнес саласында кәсібін дөңгелетіп отырған ханымдар арнайы «Менторинг» курсын ашып отыр. Онда жастарға семинар-тренингтер жүргізіліп, біліктіліктері арттырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.