Шектеуді алып тастады. Қырғызстаннан келетін ет және ет өнімдерінің импорты одан әрі жалғаса бермек. Көрші елдің тиісті орындары ондағы эпизоотикалық жағдайдың дұрыс екенін дәлелдеп беріпті.
Яғни бізге жіберетін ет өнімдері ауру-сырқаудан таза өңірлерінен алынғанын әрі Еуразия экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сай өңделгенін растайтын құжаттарын жіберген. Елімізде ет және ет өнімдерін тасымалдайтын 5 қырғыз компаниясы бар. Осыдан бір апта бұрын соның бәріне уақытша шектеу қойылған болатын. Өйткені аусыл, күйдіргі, күл ауруы сынды қауіпті дерттер таралу қаупі туындапты.
Дастан Молдыбаев, АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы:
-Қырғызстанның бізге жіберген құжаттарын қарап шыққаннан кейін уақытша шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданды. Дегенмен, қандай да бір ауру ошағы анықталып жатса, біз қайтадан шектеу енгізу құқығын сақтап қалдық.
Дереккөз: КТК