Ұялы телефонының номері тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігі Қазақстан ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Осыған байланысты азаматтарға биыл жыл соңына дейін байланыс құралдарын тіркеуден өткізу керек. Ұялы байланыс операторларының филиалында дүрлікпе тудырмау үшін тіркеуді алдын ала жасауға кеңес береміз», — деді ІІМ мамандары.
Олардың айтуынша, бұл бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалады. Егер адамның телефоны тіркелгеннен кейін ұрланса, оны база арқылы тауып, кімнің қолданып жүргенін білуге болады. Егер құрылғы IMEI-код базасынан ұрланған деп шықса, оператор байланысты бұғаттай алады.