Мажарстанда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында жамбылдық қол күресшілер 16 медаль иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Чемпионатқа әлемнің 44 мемлекетінен мыңға жуық спортшы қатысты. ҚР ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз қол күрестен 8 алтын, 5 күміс және 3 қола — барлығы 16 медальды қанжығалады.
Ересектер арасында Т.Верина (55 кг), О.Письменная (80 кг), А.Лисианская (+80 кг) — 1-орын, Э.Шадырқұл (60 кг), А.Қараманова (55 кг), Т.Трубина (70 кг), В.Фараджов (65 кг) — 2-орын, И.Рейсов (55 кг) 3-орынды қанағат тұтты.
Жасөспірімдер арасында А.Кәрімбаева (50 кг), Е.Ляхова (65 кг), Б.Рейсов (55 кг), А.Қараманова (55 кг), О.Письменная (+70 кг) 1-орынға лайық деп танылды. Ал Е.Савченка (50 кг) — 2-орын, А.Әбдікерім (70 кг), А.Каст (70 кг) 3-орынды иеленді.
Жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанға бұйырды. Екінші орында — Ресей, үшінші орын Мажарстанның еншісінде.