Тараз қаласының туған күніне орай, Шу ауданына бір топ алуан сала өкілдері құттықтай барып, арнайы тарту жасады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Атап айтқанда, аудандық Мәдениет үйінің «Әсем әуен» фольклорлы ансамблі Әулиеата аспанын әнге бөлесе, ауыл шаруашылығы саласы нарық бағасынан төмен бағамен өнімнің 45 түрінен жәрмеңке ұйымдастырды.
Аудандық «jas projeсt» грантын ұтып алған жастар сүт өнімдерін тегін таратып, қалалықтардың алғысына ие болды.
Мүсінші Қали Қораласбаев өз туындыларын тараздықтарға тамашалату үшін көрме ұйымдастырды.