Таразда «Жыл адамы» анықталды

0 0

Тараздағы орталық «Достық» алаңда ұйымдастырылған мерекелік шарада «Жыл адамы» анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мерекелік кеште қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тараздықтарды қала күнімен құттықтап, өз саласы бойынша «Жыл адамын» атады.

«Жыл адамы» болып «Альтаис» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаев атанды.

Сонымен қатар, Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін бірнеше азаматтар «Өмірге құштар жан», «Үздік ел қорғаншысы», «Үздік тәртіп сақшысы», «Ең таңдаулы кәсіпорын» сынды номинациялармен марапатталды.

Аталған шарада қазақстандық эстрада жұлдыздары — Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Қуандық Рахым, Арай Серікхан және «OXFORDS live band»вокалды-аспапты ансамбльдерінің орындауында әндер шырқалды.

Шара соңы мерекелік от шашумен түйінделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.