Тараз бен Екатеринбург арасында бүгіннен бастап ұшақ қатынай бастайды

0 0

Бүгіннен бастап Тараз бен Екатеринбург арасында әуе қатынасы іске қосылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Скат» әуе компаниясының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«29 қазаннан бастап біз Жібек жолы дәуірінің көне қаласы — Тараз бен Екатеринбургті тікелей рейспен байланыстырамыз! Ұшулар әр дүйсенбі сайын жайлы Boeing 757-200-да жүзеге асырылады. Жолға кететін уақыт — 2 сағат 50 минут», — делінген компанияның фейсбук парақшасында.

Билеттерді scat.kz сайты мен өз қалаңыздың әуе кассаларыныан сатып алуға болады.

null

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Уральские авиалинии» әуе компаниясына Алматы — Жуковский (Мәскеу облысы) бағытында ұшуға рұқсат берген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.