Таразда «қызыл сызыққа» соғылған 4 нысан бұзылды

0 9

Тараз қаласында «қызыл сызыққа» соғылған құрылыс нысандарын анықтау жұмыстары да қолға алынған. Бүгінгі таңда қалада 20 құрылыс нысаны анықталып, оның ішінде сот шешіміне сәйкес 4 нысан бұзылды. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл даңғылы шекарасының бойында орналасқан нысандарды бұзуға қатысты 4 нысанның іс-материалдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан (26.07.2018 ж) Тараз қалалық сотына талап арызы жолданды.

Сондай-ақ, осы күнге дейін заңсыз сауда жасап келген 106 дүңгіршек алынып тасталды.

Жыл соңына дейін қаладағы 28 көшемен 3 даңғылды жарықтандыру бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, яғни бұл бағытта темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, жарықтандыру шамдарын светодиодтық шамдарға ауыстыру және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары көзделген.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.