Тараз қаласы Полиция басқармасының саптық алаңында қалалық гарнизонның жеке құрамы сапқа тұрғызылып, қызметке жаңадан тұрған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Отанға деген сүйіспеншілікті және патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Бұдан кейін, Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Сексенбаев жас қызметкерлерді құттықтап, анттарына берік, қызметте адал және төзімді болуларына тілектестігін білдірді.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.