Жамбыл облысында эпизоотиялық іс-шаралар жоспарға сай орындалды

0 14

Жамбыл облысында эпизоотиялық іс-шаралар жоспарға сай орындалды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оспан Ағабекұлының айтуынша, ағымдағы жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге қажетті  барлық ветеринариялық препараттар Алматы қаласындағы франко қоймасынан алынып, арнайы рефрежераторлармен аудандардағы уақытша сақтау орындарына жеткізілген.  Осыған сәйкес, биылғы жылғы эпизоотиялық іс-шаралар 9 айлық жоспарға сай орындалды. Ал 10 айлық жоспары өз кезеңімен орындалуда. Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралардың барысында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында созылмалы бруцеллез ауруына шалдығуы жылдан жылға төмендеуде.

Аталған аурудың жануарлар арасында кемуі адамдар арасында да бұл аурудың төмендеуіне оң әсерін тигізген. 2018 жылы атқарылған жұмыстарды зерделеу барысында облыс тұрғындары арасында  бруцеллезге шалдығу жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 адамға кемігені анықталды.

Сондай-ақ, облыс аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізу мақсатында мүйізді ірі қара малының  тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез (қылау) ауруына қарсы егілетін вакциналары алынып, алдын алу жұмыстары  жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.