Илья Ильиннің карьерасына қауіп төнді: ол әлем чемпионатына қатыспайды

0 1

Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин денсаулығына байланысты Ашхабадта қараша айында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты, — деп хабарлады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мен әлем чемпионатына қатыспайтынымды Қазақстан халқына қалай айтсам екен деп көп ойландым. Ақыры осында және қазір жариялауды жөн деп шештім. Омыртқамнан жарақат табылуына байланысты әлем чемпионатына қатыспаймын. Жарақатым айтарлықтай ауыр, — деді Ильин. 

Чемпион тіпті алдағы спорттық карьерасына да қауіп төніп тұрғанын жасырмады.

— Дегенмен қатты жабығып жүрген жоқпын, барлығы жақсы. Ашхабадқа жаттықтырушы ретінде барамын. Нижат Рахимовты тұғырға шығарамын, өйткені біз онымен бір жыл бойы жұмыс істедік. Зульфия Чиншанломен де бірге жаттықтық. Мен бапкерлерге, өз командама көмектесемін, — деп толықтырды ол.

Илья Ильин жанкүйерлерге бас тартуының себебін түсіндірмей, кетіп қала алмағанын хабарлады.

— Әлемдік ауыр атлетика менің қатыспайтынымды түсінді. Барлығы таңғалып жатыр. Не айтайын! Екі жыл спортпен айналыспадым. 8-9 айлық дайындық әлем чемпионатына қатысуға аздық етеді. Ол оңай шаруа емес. Жасым болса 30-ға келді, денсаулығым сыр беріп жатыр. Соңғы айда дайындықты үзіп алдым. Ағзаны қалпына келтіруім қажет. Бұл жөнінде басшылықпен сөйлесемін. Мені қайда жіберетінін білмеймін. Дәрігерлердің кеңесін жинаймыз, — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, осы жылдың қыркүйегінде Илья Ильин спорттан шеттетілгеннен кейінгі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Ол Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Осыдан кейін жаттықтырушылар штабы Ильинді 1 қарашада Ашхабадта басталатын 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуға шақырған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.