Елбасы бірнеше заңға қол қойды

0 0

«2018 — 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «2018 — 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.