Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ-не интернет пен байланысты бұғаттау құқығы берілді

0 19

Қазақстанның 4 бірдей мемлекеттің органына әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда интернетті бұғаттау құқығы берілді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі.

Қаулыға сәйкес, аталған мемлекеттік органдардың әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.

Құжат 2018 жылдың 28 қазанынан бастап заңды күшіне енді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.