Облыс көлемінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта облыста 14 стационарлық, 4 жылжымалы ветеринариялық-санитариялық лаборатория жұмыс атқаруда. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінде өңірде 11 ішкі сауда объектісі және 8 мал базары жұмыс істеуде. Ішкі сауда объектісінде 9 айда 1 532 910 кг сиыр еті, 682 151 кг жылқы еті, 542 619 кг қой еті, 63 741 кг шошқа еті, 43 194 кг тауық еті, балық өнімдері 118 249 кг, 9 206 кг балара өнімдері, 11693 кг шұжық (колбаса) және 268 849 литр сүт өнімдері сатылған.
Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру объектілері, сауда орталықтары, павильондары жұмыс істеуде және түгелдей ветеринариялық бақылауға алынған. Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері бекітілген.
Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ветеринария қызметімен форма №1- 38152, форма №2- 13293, форма №3- 100 ветеринариялық анықтамалары берілген және «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне» енгізілген.
Аймақта 3 ет өңдеу кәсіпорыны, 1 құс өңдеу кәсіпорыны, 10 мал сою пункті, 48 мал сою алаңдары жұмыс істейді. Облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы бойынша ветеринариялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін ағымдағы жылдың 9 айында 136 жеке тұлғаға 3 920 150 теңге, 13 жеке кәсіпкерге 781 625 теңге және 1 заңды тұлғаға 60 125 теңге барлық соммасы 4 761 900 мың теңге айыппұл салынды. Өндірілгені 4064450 теңге. Бұдан бөлек, заңды және жеке тұлғаларға ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау үшін 1131 нұсқама берілді.
Айта кетерлігі, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындаумен (союмен) айналысатын өндіріс объектілеріне жыл басынан есептегенде, 9 ай ішінде 89 есептік нөмірлері берілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста бақылау, қадағалауға жататын өндіріс объектілері және тасымалданатын нысандардың ілеспе құжаттарының болуы мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің бақылауында.