Таразда облыстық ІІ еңбек форумы өтті

0 21

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде «Техникалық және кәсіптік білім. Еңбек. Табыс» атты облыстық ІІ еңбек форумы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шара техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында болып отыр.

Кәсіпорындар базасында дуальдік оқыту жүйесінде теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану арқылы өндірістік жағдайларға тез бейімделген 15 студентке өндірістік мекемелер тарапынан стипендиялар тапсырылды.

Форум барысында әлеуметтік серіктестер арасынан үздіктер анықталып «Үздік әлеуметтік серіктестер» номинациясымен «Имстальком» ЖШС бас ди⁠ректоры В.В.Демин, «Энерджи Тараз» ЖШС ди⁠ректоры Н.Куздикбаев, «ГИС» ЖШС ди⁠ректоры Н.В.Веселова марапатталды.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің рейтингісінің қорытындысы бойынша «Үздік қала колледжі» номинациясымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Үздік ауыл колледжі» номинациясымен №3 Байзақ колледжі марапатталды.

Форум соңында облыста жаңадан ашылған және қайта құрылған өндіріс орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.